Kyzylorda-news.kz  Аудан медицина саласында жас мамандардың біліктілігін арттырып, жан-жақты білімін жетілдіруге толықтай мүмкіндік қарастырылған. Ауыртпалығы мол салада жұмыс көзін үйлестіруге дағдыланған жас мамандар қатары жеткілікті. Соның бірі – Әйгерім Майрашова. Жас маман басшылыққа өзінің қарым-қабілетін көрсете біліп, 24 жасында «Оңалту және паллиативтік көмек» бөлімшесінің аға аяжаны қызметіне бекітілді.

Осыдан 6 жыл бұрын Тереңөзектің келіні атанған Әйгерім Жарасқызы Алматы облысында дүниеге келген. Дегенмен оның балалық шағы ауданға іргелес орналасқан, құт қонған Шиеліде өтеді. Сыр күрішімен аты шыққан аудандағы №219 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде білім алған жас маман Қызылорда көпсалалы колледжінен «Емдеу ісі» мамандығын меңгеріп шығады. Алғашқы жылдары аудандық емханаға қарасты «Күндізгі реабилитация бөлімінде еңбек еткен медбике бүгінде «Оңалту және паллиативтік көмек» бөлімшесінің жұмысына серпін беруде.

– Біздің бөлімшеде ауыр жарақат алып, ота жасатқан науқастарға сала мамандары көмектеседі. Өз-өзіне қызмет жасай алмайтын емделушілердің жанынан ақ халатты абзал жандар ұдайы табылуға тырысады. Әрқашан тәжірибесі толысқан аға буын өкілдерінен ақыл-кеңес сұрап отырамын. Олардың әрбір айтқан бағыт-бағдары мен үшін – өмірлік сабақ екені мәлім, – деді Әйгерім Майрашова.

Тағы да оқыңыз: