Kyzylorda-news.kz.  2024 жыл қытай күнтізбесінде Айдаһардағы Ян ағашы немесе Ағаш айдаһар деп аталады. Сондықтан, Динара Құрман мәліметінше, 2024 жылы денсаулыққа қалай көңіл бөлу керегі қытай күнтізбесі бойынша негізделген екі элементке қарап болжанады.

Бірінші элемент - Ян ағашы.

"Ян ағашы жоғары эмоционалдылық, бүлікшіл, ашуланшақтық, қыңырлық, қоғамға қарсы мінез-құлықпен байланысты. Сондықтан, 2024 жылы психологиялық денсаулыққа көп көңіл бөлген жөн. Мысалы йога, медитация жасап, психолог кеңесіне жазылып, дұрыс ұйықтап, иммунитетті нығайтып, бірқалыпта ұстау үшін дәрумендер ішу керек. 2024 жылы психологиялық саулық үшін барлық нәрсеге шыдамдылық танытып, шешімін кикілжіңсіз табуға тырысу маңызды", - дейді маман. 

Қытай медицинасы тұрғысынан Ян ағашы адам ағзасындағы бауыр, ұйқы безі, бұлшықет пен сіңір сияқты мүшелермен байланысты, ал Айдаһар асқазан-ішек жолдарының жұмысына жауап беретін жер элементімен байланысты.

"Бір қызығы, психосоматика бойынша бауыр мен ұйқы безінің аурулары адам ашуланған кезде ұстамды болуға септігін тигізеді, ал асқазанның тамақты қорыта алмауы адам өміріндегі қиын жағдаймен байланысты болуы мүмкін. Кез келген аурудың алдын алу үшін ағзаны улы заттардан тазартып, сапалы ұйықтап, физикалық белсенділікке назар аударуыңыз керек", - дейді ол.

Ақпарат дереккөзі: Massaget.kz

 

Тағы да оқыңыз: