Kyzylorda-news.kz. Биылғы жыл Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы үшін толайым табыстарға толы болды. Жағымды жаңалықтардың бірі - емдеу мекемесі бас ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде шешім қабылданды. Қырық жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген нысан толықтай жаңаланатын болады. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 1 млрд. 300 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта мердігер мекемені анықтау үшін конкурс жарияланды.

Өткен жылы емдеу мекемесіне қарасты наркологиялық стационар Баймұрат батыр елді-мекеніне көшірілген болатын. Осы жағдайдан кейін бірқатар күрмеулі мәселелер туындап, дереу шешім табуды қажет етті. 

Ең бірінші кезекте емдеу мекемесі қызметкерлерінің жұмысқа қатынауы қиындық тудырды. Облыс орталығынан 10 шақырым жерде орналасқан орталыққа мамандар өз қалталарынан автобус жалдауға мәжбүр болды. Бұл мәселені орталық әкімшілігі тиісті органдарға жеткізіп, нәтижесінде стационардың теңгеріміне үлкен сыйымдылықтағы қызметтік көлік бүгінде бағытқа қосылды.

«Осыдан біршама уақыт бұрын облыс әкімінің қатысуымен өткен салтанатты шарада орталыққа автобус пен арнайы техника табысталған болатын. Оның ішінде қызметкерлерді тасымалдауға арналған көлік заңдастырылып, мемлекеттік нөмірі алынды. Ережеге сай белгілері орнатылды. Енді мамандарымыз автокөліктің игілігін көріп, жұмысқа тегін қатынайтын болыд», - деді облыстық психикалық денсаулық орталығының заңгері Абылай Пазылханов.

Көпшілікті толғандырған өзекті мәселелердің тағы бірі – Баймұрат батыр елді мекеніндегі ғимарат орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылмаған. Бұл мәселе біршама қиындықтар туындырған еді. Міне, ақжолтай жаңалық! Арнайы көлік те орталыққа пайдалануға беріліп, күрмеулі тақырып шешімін тапты.

Наркологиялық стационар орналасқан ғимарат күрделі жөндеуден өткен. Құрылыс жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілген. Дегенмен, науқастардың сапалы ем алуы үшін төсек орны тапшылық етіп отыр. Бұл мәселе де алдағы уақытта шешімін таппақ. Облыс әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы стационар жанынан қосымша ғимарат салуға қолдау білдіріп отыр. Келесі жылдың ақпан айында жаңа нысанның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама тағайындалмақ.

25f4f0e1-6b7e-41b3-a3b9-13f81a1280a6.jpg
8ff0715d-b9af-4ae4-bb70-5f3b01a35c18.jpg
66e34658-b781-4463-aea1-18582a56af8e.jpg

Тағы да оқыңыз: