Фото: stopfake.kz

Kyzylorda-news.kz. Вакцина алмаған қазақстандықтарға 1414 нөмірінен екпе алғаны туралы хабарлама келіп жатыр. Егер екпе алынбаған, бірақ хабарлама келген жағдайда не істеу керек? Бұл сұраққа денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев жауап берді, деп хабарлайды Sputnik.

Оның айтуынша, жалған хабарлама үш жағдайда жіберілуі мүмкін. Бірінші - медициналық ұйым тарапынан тізімге енгізіп жіберу, екінші - медицина қызметкерінің вакцина алған адамның мобильдік телефон нөмірін базаға енгізу кезінде жіберген қателігі. Сонымен қатар бала екпе алған жағдайда хабарлама ата-анасына жіберілуі мүмкін.

"Егер вакцинация туралы жалған хабарлама келген жағдайда медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына хабарласып, вакцина алынғаны жөнінде фактінің жалған екенін айту қажет", - дейді вице-министр.

Сонымен қатар eGov mobile қосымшасының eDensaulyq бөлімінде пациенттің вакцина алмағаны жөнінде түзетулер енгізуге өтініш беруге болады. Мұндай жағдайда ақпарат МӘМС жүйесіне түседі.

Тағы да оқыңыз: