Kyzylorda-news.kz. Аудан медицинасында табанды еңбегімен танылып, Астана қаласында өткізілген дүниежүзілік «Мейірбикелер» конференциясының қатысушысы атанған жан бар. Ол – тәжірибелі медбике Сәуле Арғынбаева. 38 жылдан бері «Терапия» бөлімшесінде қызмет етіп келе жатқан Сәуле Арғынбаева бір жылдары республика аумағынан жиналған өзі секілді медбикелермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алған.
Осы уақытқа дейін көптеген науқасты емдеп-жазуға үлес қосқан білікті маман байыпты, биязы мінезімен өз ортасында даралана алды. Жас буын медбикелермен қатар жүріп, жүрек қалауымен таңдаған мамандығына адалдық танытты. Өмірін денсаулық сақтау саласына арнап келе жатқан Сәуле Арғынбаева әрептестерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
– Сан салаға бөлінген аудандық аурухананың әрбір медбикесі өз жұмысына жауапты екенін білеміз. Күнделікті науқастың жа й-күйін бақылап, түндегі ұйқысының тыныштығын күзетіміз. «Терапия» бөлімшесінде жүрек пен қан тамырлары дертіне шалдыққан жандар жиі ем қабылдайды. Жылына жоспарлы түрде бірнеше мәрте ем алатын аудан тұрғындары бар. Олар қашанда шынайы алғысын жеткізіп жатады. Бұл ретте, әріптестірімді кәсіби мерекемен құттықтаймын, – деді сала маманы.