Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының алаңында жеке құрамның қатысуымен гарнизондық жиын өтті. Департаменттің қызмет салалары 8 қорапты құрады. Гарнизондық жиынды Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы өткізді.
Саптық шеру саптық дағдыны жетілдіру, саптық командаларды орындау кезіндегі реттілікті, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамның нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.
Департамент бастығы қызметкерлердің сыртқы түр-сипатын, үлгілік киімін, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуын, автокөлік пен байланыс құралдарының техникалық жай-күйін тексерді.
Қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісетін полиция қызметкерлеріне облыстағы жедел жағдайдың жай-күйі туралы жеткізіліп, бағдарлар таныстырылды. Сонымен қатар департамент бастығы саптық бөлімшелердің командирлеріне тапсырма берді.
«Мемлекет басшысы «Заң және Тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда полиция айрықша рөл атқаратынын, мемлекетте заң талаптары мүлтіксіз орындалуы керектігін және заң бұзған кез келген адам жазасын алуға тиіс, – деп атап өтті.
Осы ретте, біз Мемлекет басшысымен алға қойған міндеттердің сапалы орындалуына, елімізде заң үстемділігі мен әділдікті сақтауда нақты нәтижелерге қол жеткізуге барлық шараларды қабылдауымыз қажет.
Полиция үшін қашан да қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, адамдардың тыныш, бейбіт өмір сүруін тұрақты қадағалау басты міндет. Сондықтан да елдегі тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті нығайту бойынша алдымызға қойған міндеттерін орындауда барлық күш-жігерімізді барынша жұмылдыруға тиіспіз» деді Департамент бастығы Махсудхан Аблазимов.
Айта кетерлігі, қазіргі уақытта облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Жедел-профилактикалық шара аясында полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс түріне көшіріліп, қоғамдық тәртіпті, оның ішінде көшеде жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, көлік құралын мас күйде басқарудың жолын кесу мақсатында жұмыстар ды жүргізуде.
Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аймақтарындағы профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексере отырып, әкімшілік учаскелерді аралап тексеретін болады.