Kyzylorda-news.kz. Түркіменстан үкіметі «коронавирус» сөзін қолдануға тыйым салды.

Түркіменстан пандемияға байланысты БАҚ-тағы жаңалықтардың барлығында «коронавирус» сөзін қолдануға шектеу қойды. Сондай-ақ бұл сөз елдің денсаулық сақтау министрлігінің індет жайлы түсіндірме кітапшалардан да толығымен алынып тасталды. Аталмыш кітапшалар ем қабылдау орталықтары мен білім беру мекемелеріне таратылған. 

Сонымен қатар мемлекетте көшеде маска тағып, әлемедегі эпидемияның таралуы жайлы әңгіме айтып бара жатқан тұрғындар қамауға алынуы мүмкін көрінеді.

Тағы да оқыңыз: