Kyzylorda-news.kz. Lancet ғылыми журналы коронавирусқа қарсы “Спутник V” вакцинасын клиникалық зерттеудің үшінші кезеңінің нәтижесін жариялады, деп хабарлады Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ).

“Гамалея  атындағы ЭМҰЗО мен РТИҚ әлемдегі ең көне және ең беделді медициналық журналдардың бірі The Lancet-те “Спутник V” вакцинасының тиімділігі мен қауіпсіздігін растайтын клиникалық сынақтың III кезеңінің нәтижесі туралы материал жарияланғанын хабарлайды”, – деп мәлімдеді қор.   

РТИҚ бас директоры Кирилл Дмитриев жарияланымды пандемиямен күрестегі маңызды оқиға деп атады.  

“The Lancet жариялаған деректер “Спутник V” әлемде алғаш тіркелген вакцина ғана емес, сонымен қатар ең үздіктердің бірі екенін дәлелдейді. Тәуелсіз сарапшылар жинаған және The Lancet журналында жарияланған мәліметтерге сәйкес, ол коронавирустың ауыр жағдайларынан толық қорғайды”, – деді Дмитриев.

Айта кетейік, Ресей денсаулық сақтау министрлігі “Спутник V” вакцинасын 2020 жылы тамызда тіркеді. Вакцинаны РТИҚ қолдауымен Гамалея  атындағы ЭМҰЗО жасады. Бұл COVID-19 індетінің алдын алуға арналған әлемде алғаш тіркелген препарат.

III кезеңнің нәтижесі

Клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінде “Спутник V” жоғары тиімділік, иммуногенді және қауіпсіз екенін көрсетті.

Вакцинаның тиімділігі бірінші және екінші вакцина немесе плацебо инъекциясын алған 19 866 еріктінің мәліметтерін талдау негізінде 91,6% құрады.  

Ал AstraZeneca тиімділігі – 62,1%, Sinovac – 50,4%, Sinopharm – 79,3%. Қазір AstraZeneca компаниясы өз вакцинасының тиімділігін 62,1% -тен жоғары деңгейге көтеріп жатыр, оған “Спутник V” екпесінің екі компонентінің бірімен үйлесуі көмектескен. 

Sputnik

Тағы да оқыңыз: