Kyzylorda-news.kz. Қазіргі уақытта жүргізілетін салықтық тексерулер саны айтарлықтай қысқарды. Ағымдағы жылдың 6 айында ғана облыс бойынша салықтық тексерулер саны 42 немесе 11,4% төмендеді.
Салықтық және кедендік әкімшілендіру, уәкілетті органдардың және әртүрлі көздерден алынған мәліметтермен жұмыс істеуге шоғырланған. Нәтижесінде биылғы жылдың 6 айында мемлекеттік бюджетке 5,7 млрд теңге, оның ішінде облыстың жергілікті бюджетіне 1,0 млрд теңге және республикалық бюджетке 4,7 млрд теңге сомасында қосымша резервтер анықталып, бюджетке өндірілді.
Ел экономикасында пандемиямен байланысты қалыптасқан дағдарыстық құбылыстарға, салықтық жеңілдіктер беруден болатын шығындарға және мұнай бағасының әлемдік құлдырауына қарамастан, мемлекеттік кіріс органдары облыс бюджетін толықтыруда резервтерді іздестіру бойынша жұмыстар жүргізуде.