Kyzylorda-news.kz. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының орта буын қызметкері Сәуле Тәуекелова жұмыс орнында қалғанына 17 тәулік болған.

Біз бүгін Сәуле Әділбекқызымен телефон арқылы тілдескен едік.

«28 наурыз күні жұмыс орныма кезекшілікке келген болатынмын. Сол күні COVID-19 вирусы анықталған алғашқы науқас түсті. Посттағы барлық медицина қызметкерлері күшейтілген жұмыс түріне көшіріліп, ауруханада қалып жұмыс жасауды ұйғардық. Себебі, бізге ең алдымен халықтың, соның ішінде айналадағы азаматтардың денсаулығы бірінші орынға шыққан еді. Бүгін 17-ші тәулікте алғашқы өңірде науқас та жазылып отбасына оралды», – дейді ол бізбен әңгімесінде.

Сондай-ақ, ол қиын кезеңде еңбектері еленіп, үстемақы алып жатқандарына облыстағы бүкіл медицина мамандары дән риза екендігін жеткізді.

«Ал, біздің тағы бір жаңалығымыз наурыз айының да жалақысы қолымызға тиді. Маған 250 мыңнан артық қаржы түскендігі туралы хабарлама келді. Әрине, біз бұл қаржыны отасымыздың игілігі үшін жұмсайтын боламыз. Ең бастысы – індеттің ошағын өшіріп, науқастарымыз құлан таза айығуын тілейміз»,– дейді Сәуле Әділбекқызы.

Айта кетейік, Сәуле Әділбекқызының 32 жылдың еңбек өтілі бар. Үш баланың, 5 немеренің әжесі.

Тағы да оқыңыз: