Kyzylorda-news.kz. Айлардың сұлтаны қасиетті рамазанда қайырымдылық пен жақсылық жасап, сауапты іске атсалысу – әрбір исі мұсылман адамзаттың бір парызы.

Қиналғанға қол ұшын созып, мұқтаж жандарға демеу көрсету қазақтың қанында бар төре қасиет. Елімізде енгізілген төтенше жағдай режимі созылып, індетпен күрес жүріп жатқан қысылтаяң кезеңде ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «ұлт болып ұйысып, жұдырықтай жұмылуымыз қажет» деп #BizBirgemiz атты жалпыхалықтық акциясын қолдауға шақырды.

Мемлекет басшысының игі бастамасына бірлігі мен тірлігі жарасқан Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Қызылорда облыстық филиалы да өзіндік үн қосты. Қайырымдылық жасауға ұйысқан ұжымның еңбеккерлері өз жалақылары есебінен әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттерін таратып, аналар мен қариялардың алғысына бөленді.

Осы орайда жол саласының мамандары қиын-қыстау кезеңде әрбір еңбек ұжымдарын жақсы іс жасаудан жарысуға шақырады! Бірлігіміз бен елдігімізді көрсетіп, сауапты іске атсалысайық ағайын!

Тағы да оқыңыз: