Kyzylorda-news.kz. Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен таеквондодан 15-17 жас аралығындағы жастар арасында облыс біріншілігі өтті.

Пумсе бағдарламасы бойынша өткізілген жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 40 спортшы қатысты.

Ұлдар арасында облыстық таеквондо федерациясының спортшылары үздік өнер көрсетті.

Нəтижесінде Кирилл Акулов І орынды иеленсе, Денис Пак екінші, Данияр Ибраев үшінші орындарды еншіледі.

Ал шиелілік Нұрдəулет Темірбаев қола жүлдеге ие болды.

Қыздар арасында қармақшылық Айша Əділбекқызы бірінші орынды жеңіп алды.

Қалған жүлделер Шиелі ауданы спортшыларының еншісінде болды.

Атап айтсақ, екінші орынды – Нұрсая Сағындықова алса, үшінші орындар – Ақбота Сағындықова мен Аяулым Ермекбаеваға бұйырды.

Тағы да оқыңыз: