Kyzylorda-news.kz. Қазақстандағы уақытша ұстау изоляторларында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 3 жағдай тіркелген. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Біздің ресми мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторларында үш жағдай бар: 10 сәуірде Қызылорда облысында Қазалы ауданында, ал Атырау облысында бір оқиға кеше тіркелді”, – деді А. Есмағамбетова.

Сонымен қатар, бұдан бұрын 1984 жылы туған ер адам Ақтөбе облысындағы изоляторлардың бірінде COVID-19 сынағынан өткен. Нәтижесі оң болды.

“Жалпы, елде ауру деңгейінің өсуі 15%-ды құрайды. Алайда бірқатар облыстарда 20% -дан 60% -ға дейін ауытқулар байқалады”, – деп санайды санитарлық дәрігер.

Оның айтуынша, бұл әр өңірде енгізілген карантиндік шаралардың тұрақты және қатаң сақталуы қажеттілігін тағы да айғақтайды.

Тағы да оқыңыз: