Kyzylorda-news.kz. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар бір реттік және бірнеше реттік қолданыстағы бетперде тігуді бастаған болатын.

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің аумағындағы «Еңбек-Қызылорда» РМК тігін цехында арнайы кәсіби білімі бар сотталғандар көп реттік бетперде тігумен айналысуда. Бүгінгі күнге барлығы 14250 дана бетперделер тігілді.

Еліміздің Ішкі істер министрі ҚАЖК-нің және «Еңбек» РМК-ның басшылығына бетперде тігіп жатқан сотталғандарға жалақы төлеуден басқа, оларды ақшалай сыйақымен көтермелеуді тапсырған болатын.

Министрдің осы тапсырмасына сәйкес, ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті ҚАЖ мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-нің 01.04.2020 жылғы №9-АХД бұйрығы бойынша, ЗК-169/5 мекемесінің тігін цехында бетперде тігіп жатқан сотталғандарға сыйақы төленді.

«Бүгінде әлем жұртшылығын алаңдатып отырған коронавирус дерті Қазақстанға да жетті. Осы қысылтаяң шақта темір торда отырсақ та еліміздің, халқымыздың амандығын тілеп, қолымыздан келгенше бетперде тігіп жатырмыз. Қиын сәтте қол ұшын созып, көмектесу азаматтық парызым деп білемін. Еңбегімізге қарай жалақымыздан бөлек сыйақы беріп жатқан, Ішкі істер министрлігіне алғысымыз шексіз», – дейді жазасын өтеуші А.есімді азамат бізбен әңгімесінде.

Тағы да оқыңыз: