Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 68 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Оның ішінде:
Астана қаласында — 17,
Алматы қаласында — 13,
Ақмола облысында – 1,
Ақтөбе облысында – 10,
Алматы облысында — 3,
Атырау облысында — 2,
Шығыс Қазақстан облысында — 3,
Абай облысында — 2,
Жамбыл облысында — 2,
Қарағанды облысында — 5,
Ұлытау облысында — 3,
Қостанай облысында — 1,
Қызылорда облысында — 3,
Солтүстік Қазақстан облысында 3 адам анықталды.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 393 284-ке жетті.