Kyzylorda-news.kz. Бүгіннен бастап карантин режимі жеңілдетілді.
17 тамыздан бастап барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді. Атап айтар болсақ,
СОСО, сауда үйлері, сауда желілері, жабық базарлар (толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 шаршы метр);
сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.);
бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м.);
балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (топтарда — 5 адамнан артық емес, жазылу бойынша); мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық емес);
ашық ауадағы аттракциондар (қашықтықты сақтау, маска тағы, адамдар ағынын реттеу).
Айта кетейік, жұмыс берушілерге әлі де қызметкерлердің кемінде 80% үшін қашықтан жұмыс істеу форматын сақтау ұсынылады.