Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданындағы «Өрімтал» бөбекжай-балабақшасына дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, аталған мектепке дейінгі білім беру мекемесінен вирустық инфекция анықталған болатын. Бүлдіршіндердің денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында коронавирус инфекциясы анықталған тәрбиеленушінің тобындағы барлық бүлдіршіндер мен топтың 3 тәрбиешісі және 1 тәрбиеші көмекшісі үй карантиніне жіберілді. Қазіргі таңда барлығының жағдайы жақсы, тұрақты бақылауда.
