Kyzylorda-news.kz. Ресей президенті Владимир Путин SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыру қаупіне байланысты қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті деп хабарлайды DW.

«1 сәуірде үкімет мүшелерімен кездесу телеконференция арқылы өтті», деді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

«Президент Ново-Огаревода болады және телекөпір арқылы үкіметтің жетекшілерімен, министрлер кабинеттерімен жұмыс істейді, шенеуніктер де жұмыс орындарында болады», – деді Песков.

Оның айтуынша, коронавирустың таралуына байланысты Путин сәлемдесу тәсілін өзгерткен. Ресей басшысының әзірге жеке кездесулерде қол беріп амандаспайтыны белгілі болды.

«Қазір барлығы әлеуметтік қашықтықты сақтайды», – деп сөзін толықтырды Песков.

Песков коронавирусқа арналған күнделікті сынақтарды Путиннің тапсыратынын жасырған жоқ.

«Әрине, біз сақтық шараларын қолданамыз, кез келген жиналыстарды болдырмаймыз, мұны мүмкіндігінше қашықтан жасауға тырысамыз», – деді ол.

Тағы да оқыңыз: