Kyzylorda-news.kz. “Омикрон” штамын жұқтырған адамның жиі басы ауырып, әлсіздік сезінеді. Бұл туралы дәрігер-терапевт Марина Астафьева мәлімдеді.
“Кез келген вирус клеткаға түскеннен кейін ағзаны улай бастайды. Біз бірден әлсіздік, шаршаңқылық, буын ауруы мен бас ауруын байқаймыз. Денеміздің кез келген мүшесі ауыруы мүмкін”, – деп түсіндірді ол “Звезда” телеарнасына берген сұхбатында.
Дәрігер сырқаттану белгілері сауыққаннан кейін де сақталуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан организмге “өз-өзіне келуге” уақыт беру қажет, деп жазады Sputnik Қазақстан.