Kyzylorda-news.kz. “Pfizer” компаниясымен вакцинаны жеткізу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізілді, деп хабарлады денсаулық министрлігі.
Ведомство ақпаратына сәйкес, “Pfizer” компаниясымен 2021 жылдың төртінші тоқсанында вакцина жеткізу бойынша келісім жасалды.
“2021 жылдың наурызынан бастап “Pfizer” компаниясы өкілдерімен Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу мүмкіндігі туралы келіссөз басталды. Министрлік пен “Pfizer” компаниясының арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде құпиялылық туралы келісімге қол қойылды”, – деп атап өтті ведомствода.
Министрлік мәміленің негізгі шарттары туралы келісімдердің талаптарын оңтайландыру бойынша “Pfizer” компаниясымен тұрақты негізде келіссөз жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның ішінде үкімет деңгейінде кеңес өткізілді.
Сонымен қатар, “Pfizer” компаниясы вакцинаны жеткізу туралы келісім жасау үшін Қазақстан президентінің жарлығы қабылдануы тиіс екенін хабарлады.