Kyzylorda-news.kz. Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде айтылды.
«Алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келеді. Бірақ, Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды. Бәріне лайықты құрмет көрсетіледі», – деді Президент.
Осы орайда Мемлекет басшысы әкімдер соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек беретінін атап өтті.
