Kyzylorda-news.kz. Коронавирус жұқтырған қытайлықтардың кейбірінде неврологиялық аурулар байқалған. Бұл туралы Қытай ғалымдары жүргізген зерттеуде айтылады, -деп хабарлайды “Известия”.
Мамандар коронавирустың таралу ошағы болған қытайлық Ухань қаласының COVID-19-ды жұқтырған 214 тұрғынының жағдайы туралы мәліметтерді зерттеді.
Жалпы алғанда 36 пайыз және жағдай ауыр науқастардың 46 пайызында қозғалыстары мен сөйлеуінде ауытқу пайда болып, миының қан айналымы бұзылған, естен тану мен бұлшықет әлсіздігі байқалған.
Сонымен бірге науқастарда бұрыннан белгілі коронавирустың белгілері, атап айтқанда, жөтел, бас ауруы және қызу көтерілу сияқты симптомдар да болған.
Осыған дейін ресейлік ғалымдар коронавирус тудыратын патоген қан-ми тосқауылына еніп, ми тінін жоюға қабілетті екенін ескерткен.
