Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 587, ал симптомсыз- 314 азамат. Ал індеттен айығып шыққандар саны 515-ке жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Симптомды жаңа 10 жағдайдың  9-і скринингтен болса, 1-еуі індет жұқтырған науқаспен байланыста болған. Ал симптомсыз коронавирус инфекциясының 37 дерегі тіркелді. Оның 26-і скринингтен, , 7-і ақылы сынама тапсырғаннан, 4-і қарым-қатынастан анықталды»,- деді  Жақсылық Абдусаметов.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 6713 азамат анықталды. Оның ішінде, 4308- тікелей қарым-қатынаста, 2405-і жанама байланыста болған.

Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Тағы да оқыңыз: