Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында бүгін, яғни, 10 сәуірдегі 09:00-де анықталған коронавирустық инфекция жұқтырған 4 науқастың біреуі – Жаңақорған, үшеуі – Шиелі ауданынан екендігі анықталған. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

«Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 09:00-де облысымызда тағы 4 науқас анықталды. Оның біреуі – Жаңақорған, үшеуі – Шиелі ауданынан. Шиелі ауданындағы екі науқас – Қодаманов, біреуі – Бала би ауылынан. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген алгоритмге сәйкес науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда», – деп мәлімдеді аталған басқарма басшысы.

Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны 104 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 12, Жаңақорған ауданында – 17 жағдай, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 55, Сырдарияда – 14, Арал ауданында – 2 жағдай тіркеліп отыр.

Тағы да оқыңыз: