Kyzylorda-news.kz. Өткен тәулікте елде коронавирус инфекциясын 66 адам жұқтырды. Бір күн бұрын ауруға 46 адам шалдыққан болатын.

25 қаңтардағы жағдай бойынша 1750 адам коронавирустан емделуді жалғастырып жатыр. Оның 117-сі стационарда, 1633-і амбулаторлық емделуде.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқастардың арасында:

жағдайы ауыр – 6 науқас;

өте ауыр жағдайда – 5 науқас;

жасанды тыныс алу аппаратында – 2 науқас.

2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 405 564 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Тағы да оқыңыз: