Kyzylorda-news.kz. Елімізде коронавирус жұқтырған азаматтарға сақтандыру ақысы төлене бастады.

Сақтандыру полисі 4900 теңгеден басталады. Мұндай жағдайда індет жұқтырғандар 100 мың теңге алады.

Науқас қайтыс болса отбасына 1 млн теңге төленеді.

Полюсты 24500 теңгеге алған адам 500 мың теңге алады. Қайтыс болған жағдайда оның отбасына 5 млн теңге төленуі тиіс.

Бүгінде Алматыда 1000-нан аса адам өмірін сақтандыруға өтініш білдірген. Екеуі тиісті өтемақысын алды. Сақтандыру мерзімі жарты жылға жарамды.

“Мен отбасымды осы індеттен қорғағым келеді. Сондықтан 24500 теңгеге сақтандыру полисін сатып алдым. Бұл өте ыңғайлы. Біреуіміз ауруханаға түсетін болсақ, 500 мың теңге аламыз. Қайғылы жағдай бола қалса, 5 млн теңге төленеді. Біз олай болғанын қаламаймыз. Сондықтан бетперде тағып, барынша сақтанып жүрміз”, – дейді осындай полюсті алған Жени Давлетчарова.

Тағы да оқыңыз: