Kyzylorda-news.kz. Қытай ғалымдары коронавирус инфекциясының қандай арақашықтықта тарайтынын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Зерттеу қорытындысы Emerging Infecious Diseases журналында жарияланған.

Баяндама бойынша, коронавирус ауада 4 метр арақашықтықта орнын ауыстыруы мүмкін. Бірақ ғалымдар «індеттің аэрозоль бөлшегі адамға коронавирус жұқтыруы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап таппаған.

Қазіргі таңда әлем елдері қауіпті індеттен сақтану үшін 1,5-2 метр арақашықтықты сақтайды. 

Сондай-ақ ғалымдар медицина қызметкерлері аяқ киімінің табаны да коронавирус тасымалдаушысы екенін анықтаған. 

Сонымен қатар, олар COVID-19 вирусы компьютердің тінтуірінде, ауруханадағы қоқыс жәшігінде, төсектің шетінде болатынын анықтапты.

Тағы да оқыңыз: