Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 26 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқас – Жаңақорған ауданының тұрғыны.
21 сәуір 12:10-дағы ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 1 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Осылайша қауіпті індеттен айыққандар саны өңірде 26 адамға жетіп отыр.
Айта кетейік, Қызылорда қаласында – 6, Жаңақорған ауданында – 14, ал, Шиелі және Қармақшы аудандарында – 3 адамнан осы індеттен емделіп, үйлеріне шығарылған.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.
