Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 272-ге жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Жаңадан 12  дерек тіркелді.  Оның 11-і  індет жұқтырған азаматпен байланыста болса, 1-еуі көпбейінді  қалалық аурухананың изолятор кабинетінен анықталды. Қазіргі таңда  науқастардың жағдайы бірқалыпты , емдерін алуда», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған–  3695 азамат анықталды. Оның ішінде, 2051-і  жақын қарым-қатынаста, 1644-і  жанама байланыста болған.

Құрметті облыс тұрғындары,  сақтық шараларын қатаң сақтап  және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Тағы да оқыңыз: