Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында бүгін, яғни, 7 сәуірдегі 23:40-та анықталған коронавирустық инфекция жұқтырған 12 науқастың 11 – Шиелі, біреуі – Арал ауданынан екендігі анықталды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

“Жаңа тіркелген “Covid-19″ вирусын жұқтырғандардың 11-і – Шиелі ауданында, 1-еуі Арал ауданында тіркеліп отыр. Барлығы науқас адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік бақылауға алынған азаматтар болып табылады. Қазіргі таңда барлығы жұқпалы аурулар бөліміне ем алуға ауыстырылды”, – делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны 66 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16 жағдай, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 35, Сырдария және Арал аудандарында – 1 жағдай тіркеліп отыр.

Тағы да оқыңыз: