Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында бүгін, яғни, 8 сәуірдегі 22:35-те анықталған коронавирустық инфекция жұқтырған 9 науқастың барлығы да – Шиелі ауданынан екендігі анықталды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

«Ауру жұқтырған 9 науқастың барлығы Шиелі ауданында тіркелді. Олардың үшеуі – ер адам, алтауы – әйел адам. Ең жасы – 2012 жылғы қыз бала, ең үлкені – 1944 жылғы ер адам. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген алгоритмге сәйкес науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда», – деп мәлімдеді аталған басқарманың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны 85 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16 жағдай, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 47, Сырдарияда – 7, Арал ауданында – 2 жағдай тіркеліп отыр.

Тағы да оқыңыз: