Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 209-ке жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Соңғы тәулікте жаңадан 5 жағдай анықталды. Оның екеуі – індет жұқтырғандармен байланыста болса, біреуі – Атырау облысынан вахталық әдіспен жұмыс жасап келген азаматтан анықталды. Ал, екеуі – скринингтік тексеру барысында белгілі болды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін хаттамаға сәйкес алуда», – деді Жақсылық Абдусаметов.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған– 3069 азамат анықталды. Оның ішінде, 1659-ы жақын қарым-қатынаста, 1410-ы жанама байланыста болған.
