Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны 488-ге жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте 4 дерек тіркелді. Симптомды жаңа жағдайдың 3-еуі емхананың скринингінен , ал 1-еуі қарым-қатынас арқылы анықталды»,- деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 5644 азамат анықталды. Оның ішінде, 3369-і тікелей қарым-қатынаста, 2275-і жанама байланыста болған.

Мұнан өзге, індеттен айығып шыққандар саны 346-ға жетті. Соңғы тәулікте 37 науқас емделіп шықты.

Құрметті облыс тұрғындары, сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Тағы да оқыңыз: