Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 180 адамға жетті.

13 мамыр 10:30-дағы мәлімет бойынша Қызылорда облысында тағы 8 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.

Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы мен Қазалы, Қармақшы ауданының тұрғындары.

Оның ішінде, Қызылорда қаласында 6, Қазалы мен Қармақшы аудандарында 1 науқастан айыққан.

Ерекше атап өтерлігі – екі аудандағы осы індетке шалдыққан науқастардың барлығы, атап айтқанда, Қазалыдағы 3, Қармақшыдағы 5 науқастың барлығы жазылып, үйлеріне шықты.

Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 180 адамға жетіп отыр.

Аталған науқастан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.

Тағы да оқыңыз: