Kyzylorda-news.kz Бизнес-инкубатор  –  өз істерін бастауды қалайтын, бірақ оған мүмкіндігі жоқ жас кәсіпкерлерді қолдау және коммерциялық тұрғыда тиімді өнім алу мен нәтижелі өндіріс құруда көмек көрсету мақсатында құрылған ұйым. Әлемдік практикада  жеткілікті түрде кең таралған орталықтар көптеген елдерде жұмыс жасайды. Мұндай мекемелер алғаш рет 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басында АҚШ мен Ұлыбританияда ашылған. Олар табысты түрде жаңа жобалар мен стартаптарды жетілдіреді.

«Стартап» термині бизнес-инкубатормен ұдайы бірге жүретін термин.  Стартап немесе старт-компания ағылшыннан аударғанда «бастау» деген мағынаны береді және қазіргі уақытта енді пайда болған немесе құрылуы жоспарларған жаңа жобаны білдіреді. Бұл термин IT саласында және ғаламтор-жобаларының саласында жиі қолданылады.

Бүгінде бизнес-инкубатор және IT хабтардың көмегімен кәсіпкерлік, инновация салаларында жаңалықтар мен жаңа ашылулар көп. Жаңа жобалар легіне тоқталсақ.

19 сәуір күні Idea Battle стартап жобалар байқауы өтті. Байқауға дейінгі кезеңге қатысуға жалпы 50-ге жуық жоба  тіркелген. Қатысушы оқушылар мен студенттерге арнайы семинар ұйымдастырылды. Іріктеу кезеңінде жобалар онлайн және офлайн форматта қорғалды. Ал финалдық кезеңде 8 жоба таныстырылды. Олардың қатарында жасанды интеллект көмегімен іске асатын, өрт қауіпсіздігіне бағытталған, ерекше жандарға арналған жобалар болды. Іс-шараның мақсаты – стартаптарды қолдау, ел ішіндегі стартап мәдениетін насихаттау және Қазақстан аймақтарында цифрландыруды дамыту үшін үздік IT идеяларды анықтау. Demo day – инвесторлар және де басқа қызығушылығы бар ұйымдардың жобаны қарап, іріктеуден өтуі. «Idea Battle» жобасы барысында маркетинг, қаржы, нарықтық зерттеулер мәселелері қамтылды. Сонымен қатар, «Pizza Pitch» жиыны ұйымдастырылды.  «Pizza Pitch» жиынында қатысушылар өз бизнес жобаларын кең аудиторияға таныстырып, сарапшылардан кәсіби баға алды. Сондай-ақ, жобаларды әрі қарай дамыту бойынша кеңес пен практикалық ұсыныстар айтылды. Шараның басты мақсаты  −  жас кәсіпкерлерді қолдау, спикерлік дағдыларын дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру. Жиынның ерекшелігі – қатысушыларға жүлде берілмейді және көпшілікке пицца таратылады.

Айта кетейік, Astana Hub халықаралық IT стартаптар технопаркі мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өткен жылы Іdea battle байқауы өткен болатын. 3 минуттық питч форматында инновациялық идеяларды қабылдаған Іdea battle байқауының жүлде қоры 500 000 теңгені құрады. Нұрлан Құлмырзаев, Алмат Қуанышбаев, Бағдат Қадырбеков, Мақсат Мугалов, Ержан Кенжеев аталмыш байқауда төрелік етті. Студенттер мен жастардың қатысуымен өткен 30 жоба қорғалған.

Мәселен, өткен жылы «Startup Jolу» инкубациялық бағдарламасы бойынша білім беру жұмыстары 14 тамызда басталған. Бағдарламаға қатысу үшін 135 адам өтінім беріп,  бағдарламаның алшқы легіне 57 жоба қабылданды.Инкубация қатысушылары менторлармен жеке жұмыс жасау  мүмкіндігіне ие болып, маңызды тақырыптар бойынша  тегін 16 семинарға қатысты. «Startup Joly» – инновациялық стартаптар мен кәсіпкерлік бастамаларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, кәсіпкерліктің әртүрлі аспектілері, соның ішінде идея, маркетинг, сату және құқықтық мәселелер бойынша дағдыларды арттыруға бағытталған бағдарлама. Бағдарламаға қатысқан 57 жоба іріктеуден өтіп, Demo Day-ге 26 жоба қатысты. Ұсынылған жобалардың қатарында QR көктас, VR-платформадағы киберспорт, ақылды тоңазытқыш, көмір күлінен бағалы металдарды алу және өндіру, органикалық косметика, Digital Oner Academy, Оpen garden тәрізді жобалар болды. Байқауда  Раушанбек Бейбарыс “Educopter” жобасы бойынша 500 мың теңге иеленді. Ал, “Dmenu” жобасын таныстырған Тұрсынбай Елдос пен Ахметов Бауыржанға 300 мың теңге  табысталды. Мұңайтбасова Жұлдызай мен   Тұрғанбай Раушан “ecoDabyl” жобасымен 200 мың теңге жүлдені қанжығаларына байлады.“Demo Day жоғары деңгейде өтті. Көп адамдармен танысып, жаңа жобалар туралы ақпарат алдым. Қазір елімізде робототехника қарқынды дамуда және техникалық үйірмелер, мамандықтар ашылып жатыр. Оқушылар, студенттер дайын заттарды пайдаланбай, өз қолдарымен құралдар жасағанын қалаймын. Осы мақсатпен мен Demo Day-ге “Educopter” атты оқу-жаттығу дрон  жиынтығын әзірлеп әкелдім. Осы жиынтық арқылы кез келген адам өзінің алғашқы дронын құрастырып, бағдарламалай алады”, - деді І орын иегері Раушанбек Бейбарыс. Сонымен қатар, қызығушылығы бар жастар үшін арнайы бағдарламалар өтеді. Жыл сайын дәстүрлі түрде Pizza Pitch ұйымдастырылады. Pizza Pitch  жиынында қатысушылар өз бизнес жобаларын кең аудиторияға таныстырып, сарапшылардан кәсіби баға алды. Сондай-ақ, жобаларды әрі қарай дамыту бойынша кеңес пен практикалық ұсыныстар айтылды. Шараның басты мақсаты  −  жас кәсіпкерлерді қолдау, спикерлік дағдыларын дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру. Жиынның ерекшелігі – қатысушыларға жүлде берілмейді және көпшілікке пицца таратылады. Мектеп бітіруші түлектерге де арнайы байқаулар жыл сайын өтеді. Өткен жылы «Startup Talapker» жобалар байқауы ұйымдастырылды. Startup Talapker кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру, инновациялық және өңірлік маңызы бар стартап жобаларды қолдау мақсатында  өткізілді. Сайысқа мектеп және колледж бітіруші талапкерлер қатысты.Байқаудың мақсаты − потенциалы жоғары стартап жобаларды инкубациялық кезеңге алып, инвестиция тарту, түлектер арасында кәсіпкерлікті насихаттау, мектептердегі бизнес-инкубаторлардың жұмысын жандандыру. Сәуір айында басталған байқаудың алғашқы кезеңінде 50-ге жуық команда қатысуға өтінім берген. Ал келесі кезеңге үздік деп танылған 26 команда жолдама алған. Нәтижесінде жартылай финалда 12 команда іріктеліп, финалдық кезеңде 12 жоба қорғалды. Ауқымды шарада Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінің оқушылары Жансезім Ертай, Жібек Бақбергенова, Ақсүйрік  Бегімсал Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті грантын иеленсе,  Сырдария ауданындағы №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы орта мектептің оқушылары Асылжан Абдуллаев, Тамырлан Жасұланұлы оқу ақысына 50 пайыз жеңілдікпен марапатталды. Ал, оқу ақысына 25 пайыздық жеңілдікті Қармақшы ауданы №99 орта мектебінің оқушылары Алтынай Тобылғиева мен Айзере Досимханова қанжығаларына байлады.  

Жеңімпаздар Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинаған жағдайда қалаған мамандығы бойынша оқу ақысына 100 пайыз, 50 пайыз және 25 пайыздық  жеңілдікпен  оқу мүмкіндігін иеленген. 

Тағы да оқыңыз: