Kyzylorda-news.kz.  Жаңақорған - кәсіпкерлік саласы дамыған аудандардың бірі. Бүгінде онда 6 985 бірлік шағын және орта кәсіпкерлік субъекті тіркелген. Оның 361-і заңды тұлғалар болса, 2 464-і шаруа қожалықтары, ал, 4 160-і жеке кәсіпкер. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеуімбетов саладағы игі бастамалар тізбектеп, жемісті жобалардың нәтижесін айтты.

- Аудан бойынша өткен жылы барлық қаржы көздерінен 164 жобаға қолдау көрсетілді. Ал, “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында 74 жоба несиелендірілді. Жыл басынан бері “Мансап” орталығына 6 800 адам жұмыс іздеп хабарласса, соның 5 487-сі тұрақты жұмыспен қамтылды. Жалпы, өткен жылы ауданда барлығы 3 370 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, ауданда бірнеше білім ордалары да пайдалануға берілді. Мәселен, Жаңақорған кенті «МАИ бекетіндегі» мектеп құрылысы былтыр аяқталып, биыл 15 қаңтарда пайдалануға берілді. Сондай-ақ, былтыр Жаңақорған кентіндені 600 орындық, Жаңарықтағы 300 орындық, Байкенжедегі 150 орындық мектептің құрылысы басталған болатын. Осы мектептердің құрылысы толық аяқталған соң аудандағы білім беру ұйымдарының ғимараттарына қатысты проблемалық мәселе толық шешімін табатын болады, - деді Мұрат Жолкелдіұлы.

2023 жылы әлеуметтік-экономикалық өсім бойынша Жаңақорған ауданы жақсы нәтиже көрсетті. Әрбір салада серпін, даму байқалды. Әлеуметтік сала болсын, инвестиция, инфрақұрылым, әсіресе кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп, үздік көрсеткіш көрсеттік. Биыл да осы бағытта атқарылар шаруа шаш етектен. Бұл жөнінде облыс орталығында БАҚ өкілдеріне брифинг берген аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов толықтай түсіндіріп, былтырғы мен биылды бағдарлап берді. Аудан басшысының брифингтегі баяндамасы мен болашақтағы жоспарын жүйелеп көрдік.

Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім қамтамасыз етілген ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруде ілкімді істер бар. 2023 жылы өнім көлемі 140 млрд теңге болып, 2022 жылмен салыстырғанда 124,2 пайызға жеткен. Өңдеу өнеркәсібі өткен жылы 92,8 млрд теңгені құрап, салыстырмалы кезеңмен 140,6 пайызға орындалды.

2024 жылдың 1 қаңтарына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 6985 бірлікті құрады. Аудан бойынша өткен жылы барлық қаржы көздерінен 315 жобаға 4 млрд 501,1 млн теңге несие, 164 жобаға 229 млн теңгенің мемлекеттік гранты жеңіп алынды. Қызылорда «Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы құны 372,1 млн теңге болатын 51 жоба несиемен қаржыландырылған. Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы құны 842,4 млн теңгені құрайтын 80 жоба, 2,5%-пен құны 290,6 млн теңге болатын 63 жоба несиемен қаржыландырылды.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 2461 млн теңге болатын 47 жоба несиемен қаржыландырылса, инновациялық жобаға мемлекеттік гранттар беруге байланысты құны 5 миллион теңгені құрайтын 1 жоба грантты жеңіп алды. «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 23 жобаға 316,2 млн теңге несие берілді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 535 млн теңге болатын 74 жоба несиелендірілді.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде «Мансап» орталығына 6800 азамат хабар¬ласса, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардан 5487 адам жұмысқа орналастырылған. 2024 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздар саны 1549 адамды құрып, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз болды. «Бастау-бизнес» жобасына оқуға жолданғандар 899-ды құраса, «Күміс жас» жобасына қатысқандар саны 79-ға жеткен. 2023 жылы 3370 жаңа жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар, Жаңақорған ауданында ерекше кәсіппен айналысушылар қатары уақыт өткен сайын артып барады. Әсіресе, мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен қайтарымсыз грант алып, өз ісін дөңгелетіп отырған азаматтар баршылық. Жалпы ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында 7 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,5 пайызға ұлғайып отыр. Тиісінше бұл саладағы белсенділік көрсеткіші 96,8 пайызды құрады. Бұл туралы Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеумбетов былай дейді.

–Өздеріңіз білетіндей, Жаңақорған ауданы кез келген кәсіппен айналысуға ыңғайлы аймақтың бірі. Осы себепті жыл сайын ауданымыздың кәсіпкерлер қатары көбейіп, шығарған өнімдері басқа өңірлерге де жөнелтілуде. Аудан бойынша жыл басынан бері барлық қаржы көздерінен 230 жобаға 1 млрд.599 млн теңгенің қаржылай қолдауы көресетілген. Мәселен, 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытуға арналған Ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 100,6 млн теңгені құрайтын 73 жоба грант жеңіп алса, 131 жобаға 1 млрд.200 млн теңгенің несиесі берілді. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алуға 3 млрд.400 млн теңгені құрайтын 505 жоба іріктелді. Ал бөлшек сауда көлемі 3 млрд.405 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 111,9 пайызды құрады, – деді аудан әкімі Мұрат Тлеумбетов.

Бұл Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік саласының біл жыл ішінде атқарған шаруасы. Алдағы уақытта бұданда биік белестерді бағындырып, өңірдегі көш басшылық көрсеткішті сақтап қалады деген сенім мол. Ең бастысы – халықты жұмыспен қамту мәселесін кәсіпкерлікті дамыту, оқыту және  басқа да белсенді шаралар арқылы шешуге ықпал ете отырып, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды пайдалы еңбекпен  барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қамтамасыз етуге ілкімді істерді жалғастырса игі.

Тағы да оқыңыз: