Kyzylorda-news.kz  БАҚ өкілдері Жаңақорған ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасының шеңберінде қаржыландырылған бірқатар табысты бастамалармен танысты.

Атап айтқанда, Қыраш ауылының тұрғыны Индира Тлеуханқызы негізін қалаған «Қадіржан» жеке кәсіпкерлігі 2024 жылы сабын өндіру ісін қолға алған. Бұл кәсіп «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 2,5 пайызбен 6 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, іске қосылған. Қазіргі таңда өндірістік қуаттылығы тәулігіне 100-200 дана сабын өндіруде. Жоба арқылы  2 адам жұмыспен қамтылған.

Кәсіпкердің айтуынша, табиғи өнімдерге сұраныс жоғары. Қазіргі таңда дайын өнімдер аудан орталығындағы сауда үйлерінде және ауыл дүкендерінде сатылуда. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, көршілес аудандарға да жеткізу жоспарлануда.

Жалпы, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Жаңақорған ауданында 2024 жылы «Байқоңыр» әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жалпы құны 165,4 млн теңгені құрайтын 29 жоба қаржыландырылған.

2025 жылдың ақпан айында өткен комиссия отырысында 208,3 млн теңге көлеміндегі 27 жоба мақұлданып, қазіргі таңда құжаттары жинақталу үстінде.

Тағы да оқыңыз: