Kyzylorda-news.kz “Далида” сауда үйінің ашылуы жалағаштықтардың асыға күткен жаңалығы. Бұл нысанды жеке кәсіпкер Бақыт Ахметова «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында қалады. Сауда үйінің жалпы алаңы 400 шаршы метрді құрайды.

 Ғимараттың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов келіп, сауда үйінің жұмысына сәттілік тіледі. Енді аудан тұрғындары жаңадан бой көтерген заманауи үлгідегі нысанда сауда жасай алады. Сауда орталығында Көкөніс өнімдері, тұрмысқа қажетті заттар, ет өнімдері,  техникалық аксессуарлар халыққа тиімді бағада ұсынылатын болады.

Сауда нысаны алдағы уақытта аудан экономикасының әлеуетін арттырып, сауда бәсекелестіктігін дамытуға және баға тұрақтылығын сақтауға септігін тигізетін болады.

– Аудан орталығына үлес қосқанымыз үшір қуаныштымын. Ғимаратымыз заманауи үлгіде салынды. Халықтан бата алып жатырмыз. Ел игілігіне жұмыс жасауға ниетті. Бізде 11 шағын дүкендер бар. Сауда сөрелерінле ет өнімдері, көкөністер бар. Сауда үйінің ашылғанына халық та қуанышты, біз де қуаныштымыз,- деді кәсіпкер.

Жалағаш.jpgжалағаш сауда 2.jpgжалағаш сауда 1.jpg

Тағы да оқыңыз: