Kyzylorda-news.kz Күн санап кәсіпке ден қойғандардың қатары артуда. Бірі мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланып тың идеясымен жаңа кәсіп бастаса, енді бірі дөңгелетіп отырған кәсібін одан әрі ұлғайтып, көкжиегін кеңейтуде. Бұл облыстағы кәсіпке бет бұрғандардың жұмысының жанданып жатқанын көрсетеді.
Өз кәсібін өрге домалатып жатқан кәсіпкерлердің бірі - Ерлан Өтепов. Ол ұлттық жоба қорытындысымен қайтарымсыз грант алып, жоғарғы қысымды шлангалар жасап шығаруды қолға алған. Бүгінде 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қажетті құрылғыларды Қытайдан алдыртқан кәсіпкер, сұраныстың да аз емес екенін айтты.
– Өнімдер газ пештеріне, ұшаққа, және өзге де техникаларға әбден қажет. Бұл кәсіпті бастағаныма 3 айға жуық уақыт болды. Көптен ойда жүрген кәсіп болатын. Мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарымсыз грант алып, осы кәсіпті жолға қойдым. Енді бұл шлангаларды аэропорттағы техникаға жауап беретін мамандар, газ пештеріне жауапты мамандар қатты қажет етеді. Қытайдан құрылғыларды алдыртып, қызығып кірісіп кеттік. Бүгінде жұмысымыз жүйелі. 2 адамды қызметпен қамтып, осы жұмысты бастадық. Кәсібімізді жүргізуге ықпалы тиген жандарға айтар алғысымыз шексіз”,- дейді Ерлан Өтепов Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында.