Kyzylorda-news.kz «Вега Пром» өндірістік мекемесі 2014 жылы құрылған. Кәсіпорын қазіргі таңда құрғақ құрылыс қоспаларын өндірумен айналысып, нарықта 10 жылдан аса жұмыс жасап келеді. Өз бизнесін ашу үшін кәсіп иесі «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын пайдаланып, қазіргі уақытта цехта күніне 70 тоннадан астам өнім өндіріледі. Бүгінде 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жергілікті өнімдерге күмәнмен қарайтындар көп. Дегенмен, бұл өндіріс орнының тірлігі тиянақты.
- Мұнда құрғақ құрылыс қоспасының 11 түрі шығарылады. Олар кафель желімі, «R 12 PLUS» желімі, «Тамшы» және «Ақ тамшы» сәндік сылағы, «Вега-пром» құйылмалы едені, «2в1» және «G12PLUS» гипс жабыны, «BELKOL» гипс сылағы. Сұраныс көп болса жұмыс тоқтамайды. Бізде қыс айында демалыс болады. Тұрақты сұраныс болып тұрса, 1-2 ай демалыстан соң қызу тіршілікке кірісіп кетеміз. Өнімдеріміз қаладан бөлек, аудандарды да толық қамтып отыр,- деді мекеме басшысының орынбасары Асылхан Шәмші.
Фото: Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі