Kyzylorda-news.kz Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан барлық қолдаулар жасалуда. Әсіресе, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдікпен берілетін несиелер қарастырылған.
Қолдау алған кәсіпкерлердің бірі – Талсуат ауылдық округінің тұрғыны Гүлжан Кәрімова. Ол «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы кондитерлік цех жұмысына 5 млн. теңге несие алып, қаражатына негізгі құрал-жабдықтарын түгендеді. Бүгінде нан өнімдерін және жартылай фабрикаттарды тапсырыс бойынша пісіруде.
Ал, “Ауыл аманаты” бағдарламасы арқылы кәсібі қолдауға ие болған Талсуат ауылдық округінің тұрғыны Гүлжан Ахметова 2,5 пайызбен 7 млн.теңге несие алып, тігін шеберханасын ашты. Тігінші анасының ізін жалғап келеді. Алты баланың анасы, алтын алқа иегері. Шеберханада алғашқы тапсырысын алып, мектептің 22 оқушысына қазақша киім тікті.