Kyzylorda-news.kz  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің әрбір өңірін дамыту үшін инвестиция тартуды тапсырды. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев бұл бағытта нақты нәтиже көрсетуге байланысты жаппай кәсіпкерлікті дамытып, инвестиция тарту – экономикамызды нығайтатын басты бағыт екенін аудан әкімдеріне тапсырған болатын. Осы ретте ауданда кәсіпкерлік саласын дамытуға барынша жағдай жасау – ең басты міндет.

Сырдария ауданында 2024 жылдың 1 маусымына 2821 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2733 болып, тіркелгендерге үлесі 96,9 пайызды құрады.

– 2023 жылдың қорытындысымен шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 4774 адамды құрады.  Оның ішінде заңды тұлғаларда 980 адам, жеке кәсіпкерлікте 1654 адам, шаруа қожалықтарда 2140 адам. Сонымен қатар 2023 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 23,8 млрд.теңгенің өнімі шығарылды.

Жалпы 2024 жыл басынан бері Сырдария ауданында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 1,3 млрд. теңгені құрайтын 106 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді, – дейді аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Алмат Сәдуақасов.

Бағдарламаларға келетін болсақ, ауданда «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында құны 28,0 млн. теңгенің 7 жобасы қаржыландырылды.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша құны 793,8 млн.теңгенің 16 жобасы екінші деңгейлі банкттер тарапынан қаржыландырылды.

«Ұлттық жоба» щеңберінде жаңа бизнес  идеяларды іске асыру мақсатында 1 476 800 теңгеден 40 адамға 59,0 млн.теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.

Аграрлық несие корпорациясы арқылы «Іскер» бағдарламалары бойынша 198,5 млн.теңгенің 25 жобасы және «Кең дала» бағдарламасы бойынша 18,0 млн.теңгенің 3 жобасы іске асты.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы құны 251,6 млн. теңгеге 15 ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтары алынды.

фото: egemen.kz

Тағы да оқыңыз: