Kyzylorda-news.kz. Негізінен, Сырдария ауданы бойынша халық саны 37890 адамды құраған болатын. Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 273142 теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 129,0 пайызға өсіп отырғандығын жеткіземіз.

2024 жылдың қаңтар-наурыз айында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 20339,0 млн. теңгенің өнімін өндіргені мәлім. Бұл көрсеткіш – 2023 жылдың осы деңгейіне қарағанда 55,8 пайызға ұлғайған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 3674,0 млн. теңгені (146,6 пайыз) құрап отырған жайы бар. Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі көлемі 2024 жылдың қантар-наурызында 1878,9 млн. теңгені құрап, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайызға артып отыр. Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басының саны 106,6 %-ды (40203 бас), оның ішінде сиырлар 101,2%-ды (22374 бас), жылқы 120,1%-ды (23513 бас), түйе 100,7%-ды (1593 бас), қой мен ешкі 95,3%-ды (32125 бас), құс 110,7 % -ды (13456 бас) құрады.  Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айында аудан экономикасына 18458,0 млн.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 56,4 есеге ұлғайған.  2024 жылдың қаңтар-наурыз айында 4386,0 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 130,3 пайызды құрап отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2024 жылдың 3 айында 3575,0 млн. теңгені құрап, 3,2 есеге артты. Бөлшек сауда айналымының нақты көлемі 2024 жылдың қаңтар-наурызында 600,8 млн теңгені құрап, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,4 пайызды құрады.

2024 жылдың 1 сәуіріне 2709 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Оның ішінде 151 шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 1179 жеке кәсіпкерлер, 1379 шаруа және фермер қожалықтары бар.

Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2620 болып, тіркелгендерге үлесі 96,7 пайызды құрады. Өз кезегінде Сырдария ауданының 2024 жылдың қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы   Ерлан Ахетов өз пікірін білдірді.

        – Сырдария ауданында биылғы жылы барлық салада айтарлықтай өсім бар. Шын мәнінде, біз халықтың әл-аухатын жақсарту мақсатында кешенді бағдараламаларға иек артамыз. Сан салада өсім болу үшін ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға күш жұмсау керек. Әрине, аудан дамуы – әлеуметік, экономикалық тұрғыдан оң динамика қалыптастырғанын көрсетеді, – деді бөлім басшысы.

Тағы да оқыңыз: