Kyzylorda-news.kz Өткен жылдың қорытындысымен ауданда барлық макроэкономикалық көрсеткіштер орындалып, облыс бойынша алдынғы қатардан көрінді.  2024 жылдың 1 қантарына аудан халқының саны – 37973 адамды құрады. Оның ішінде ерлер – 19662 адам, әйелдер – 18311 адам.

Жыл бойы атқарылған жұмыс пен макроэкономикалық көрсеткіштер туралы айтқан аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Ахетов ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 75,2 млрд. теңгенің өнімін өндіргенін, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 32,8 пайызға  ұлғайғанын айтты. Бұл көрсеткіш облыс бойынша 2 орынды көрсетеді. Оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу өндірісі 53,7 млрд. теңгені, өңдеу өнеркәсібі 21,5 млрд. теңгені құрады.

– Өңдеу өнеркәсібі 112,1 пайызға орындалды. Өңдеу өнеркәсібі ақталған күріш 22,9 пайызға артық орындалу себебінен өсім алды. 2023 жылы 33708 тонна күріш ақталса, 2022 жылы  бұл көрсеткіш 27426 тоннаны көрсеткен, яғни 6282 тоннаға артық. Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 27,4 млрд. теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артты.  

       Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басының саны 96,6 %-ды  (36815 бас), оның ішінде сиыр 111,9%-ды (24751 бас), жылқы 98,4 %-ды (19616 бас),  түйе 96,8%-ды (1591 бас), қой мен ешкі 88,0%-ды (27327 бас), құс 103,7 % -ды (12936 бас) құрады. Өткен жылдың 12 айында аудан экономикасына 65,5 млрд.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды. Бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 140,4 пайыз. Оның 4,4 млрд теңгесі республикалық, 1,0 млрд теңгесі жергілікті бюджет есебінен, 52,2 млрд. теңгесі жеке қаражат, 7,9 млрд. теңгесі қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылған, – дейді бөлім басшысы.

Сырдарияда 2023 жылы 25088 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайызға артты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 16,3 млрд. теңгені құрап, 85,3 пайызға өскен.       Жыл көлемінде бөлшек сауда көлемі 2,6 млрд. теңгені құрап, 123,7 пайыз болды.

2024 жылдың 1 қаңтарына 2856 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері  тіркелгендігін айту керек. Оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2765 болып, өткен  жылдың  осы кезеңімен  салыстырғанда 96,9 пайызды құрады. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 96,8 пайызды құраған.

– 2023 жылы жоғарыда айтылғандай, өнеркәсіп 75,2 млрд теңгеге дейін жетті, 38 мың тонна күріш ақталды, 66 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды, оған тиісінше құрылыс жұмыстарының көлемі 16 млрд. теңгені құрады. 25 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.  Бұл дегеніміз ағымдағы жыл нақты іс-шараларды орындауды талап етеді деген сөз. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң тенденцияларын қамтамасыз ету және де барлық индикаторлардың орындалуына жауаптылықпен қарау міндетті қойылды. Талап үдесінен шығу үшін ай сайын кәсіпорындар тапсыратын есептіліктерді бақылап, уақытында тапсырылуын қадағалау қажет, – деді бөлім басшысы Ерлан Дәуітбекұлы.

Тағы да оқыңыз: