Kyzylorda-news.kz  Сырдария аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Алмат Сәдуақасов өңірімізде бизнес-климатты жақсарту, кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғау, бизнес ортада әкімшілік кедергілерді және сыбайлас жемқорлық қауіптерін жою мақсатында атқарылған іс-шаралар барысын хабарлады.

– Бұл бағытта және өңірлік бизнестің қарқынды даму үдерісіне мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларының ықпалы сөзсіз, – деді бөлім басшысы.

  Қазіргі таңда жеңілдікпен несиелендіру құралдары едәуір нығайтылып, қаржыландыру тетіктері барынша жеңілдетілді.

2024  жылдың  1 маусымына Сырдария  ауданы бойынша 2730 кәсіпкерлік субъектілері  тіркеліп, жұмыс  жасап  тұрған ШОБ субъектілерінің  саны 2645 құрады. Жұмыс  жасап тұрған  кәсіпкерлік субъектілерінің  саны  тіркелгендердің  96,9 пайызын құрауда.    

Жалпы 2024 жылдың 5 айында Сырдария ауданында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 1172,0 млн. теңгені құрайтын 63 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.

Атап айтқанда, «Бірыңғай кешенді бағдарламасы» аясында несиелендіру бойынша құны 675,9 млн.теңгенің 13 жобасы екінші деңгейлі банкттер тарапынан қаржыландырылды. «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы бойынша құны 28,0 млн. теңгенің 7 жобасы кеңестің оң шешімін алып, қаржыландырылды. Аграрлық несие корпорациясы арқылы «Іскер» бағдарламалары бойынша 198,5 млн.теңгенің 25 жобасы және «Кең дала» бағдарламасы бойынша 18,0 млн.теңгенің 3 жобасы қаржыландырылды.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы аудандағы құны 251,6 млн. теңгеге 15 ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтары алынды.

Одан әрі бөлім басшысы 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шараларының жоспарының орындалуын айтты.

– 2024 жылдың 8 қаңтарда бекітілген іс-шаралар жоспары 8-тармақтан тұрады. Іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің 2024 жылдың 13 сәуірдегі №29 (9249) шығарылымында «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік – қоғам қажеттілігі» авторлық мақала жарияланды. Ағымдағы жылдың маусым айында «Аманат» партиясының ғимаратында «Ашық есік» қоғамдық қабылдау акциясы өткізіліп,аудан тұрғындарына несие, грант мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, жыл басынан бері бөлімде 24 жеке қабылдау өткізілді. Оның ішінде 13-і несие алу, 2-і көрмеге қатысуға, 8-і қайтарымсыз грантқа қатысуға және 1-і әлеуметтік кәсіпкердің мәртебесін алу мәселесі бойынша жүгінді. Нәтижесінде осы жеке қабылдауға келген азаматтың 5-і қаржылай қолдауға ие болды.

2024 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына түсіндірме жүргізу мақсатында бөлім қызметкерлері арасында ай сайын құқықтық оқыту жұмыстары өткізіліп, бөлімнің Facebook парақшаларына тұрақты жариялануда.

2024 жылдың 01-29 ақпаны аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 3 (үш) ұсыным жасақталды.

1. Мекеменің Ережесіне өзгерістер енгізу арқылы Бөлімнің құзыреттілігіне кірмейтін функцияларды алып тастау туралы ұсынымға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде ағымдағы жылдың 8-сәуірде Ереже қайта бекітілді. (Ережеден сараптаманы, туризм салаларын алып астау);

2. 2024 жылдың 10 сәуірінде ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысына ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығының 82-тармағына өзгерістер енгізу жөнінде. (Мемлекеттік қызметші тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап кем дегенде үш ай ішінде күшінде болуы)

3. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп  басқармасының басшысына «Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылай қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуіне ықпал етулері туралы  ұсыныс хатр жолданды.

Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне еңгізілген кәсіпкерлік субъектілері мен "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистерімен қатар, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде әлеуметтік осал топтарына жатқызылатын санатын қоса алғанда грант іріктеуіне қатысу мүмкіндігін қосу арқылы талаптарына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі;

2024 жылдың 30 мамыр күні "Халық заңгері" республикалық акциясы аясында Тереңөзек кентінің мәдениет үйінде қоғамдық қабылдауға қатысып, аудан кәсіпкерлері мен тұрғындары тарапынан жеңілдетілген несие, қайтарымсыз гранттар және нысандарды заңдастыру туралы сауалдар қойылып, 8 азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деді Алмат Сәдуақасов.

Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың арызы мен шағым хаттарына арналған пошта жәшіктерімен сенім телефонына жауапты маман бекітілген.

Сондай-ақ, мекеменің кіреберіс алдына және сауда орындарында «Пара беру бостандықтан айырады және бұлыңғыр болашақ» және «Антикор онлайн режимінің» QR код  парақшалары ілінген.

Фото: egemen.kz

Тағы да оқыңыз: