Kyzylorda-news.kz  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының ұйымдастыруымен «Idea Battle» стартап жобалар байқауы өтті.

Басты мақсаты − стартаптарды қолдау, ел ішінде стартап мәдениетін насихаттау және Қазақстан аймақтарындағы цифрландыруды дамытуда үздік IT идеяларды анықтау.

Бағдарламаға қатысуға облыс бойынша 43 жоба тіркелді. IT идеяларды жетілдіру үшін қатысушыларға «Стартап негіздері», «Lean Canvas», «Pitching» тақырыбында білікті мамандар шеберлік сабақтарын өтті. Нәтижесінде 13 жоба оффлайн, 8 жоба онлайн форматта іріктеу кезеңінде бақ сынады. Ал финалдық кезеңде қазылар алқасына 8 жоба таныстырылды.

Байқау барысында «Grand Master» бағдарламалау мектебінің директоры Алмат Қуанышбаев, бизнес-тренер Наталья Мишукова мен Бағдат Қадыров төрелік етті. Қазылар алқасының шешімі бойынша 3 жоба үздеп деп танылып, 500 000 мың теңге жүлде қоры үлестірілді.

− «SAYGAQ AI» − бұл жасанды интеллект арқылы өрт сөндіруші роботтарды қашықтан басқаруға бейімделген стартап-жоба. Қазіргі таңда біз MVP сатысында сәтті инкубациядан өттік. Жобаны Шайхы Гафур және мен Абдуллаев Асылжан бірлесіп жасадық. Біз «Idea Battle» инкубациялық бағдарламасын білген сәтте қатысуды жөн көрдік және Demo Day кезеңінде 1 орынды иелендік. Алдағы уақытта үлкен инкубациялық және акселерациялық жобаларға қатысу ойда бар, − деді 1-орын иегері А.Абдуллаев.

Бағдарламаның серіктестері – Astana Hub халықаралық технопаркі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы».

 

Фото:1obl.tv

Тағы да оқыңыз: