Kyzylorda-news.kz “AMANAT” партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Шиелі аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова «Мамық» цехының құрылтайшысы, тігін ісімен айналысып, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырған ерекше жан Тамара Ақмағанбетованың жұмысымен танысып, ұсынысын тыңдады.
Ауданда бірінші болып, көрпе-жастық мамығын тазалап, тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдарын тігу, жасау жұмыстарымен айналысып келеді. Бүгінде «Мамық» тігін цехында мүмкіндігі шектектеулі үш тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдары республикалық, облыстық, аудандық көрмелерде қойылып, сұранысқа ие. Адам пайдаланамын десе, мүмкіндік шексіз. Еңбекқорлық пен мейірімділік, жауапкершілік пен қайсарлық бойында бар кәсіпкердің ісі берекелі болмақ.

