Kyzylorda-news.kz  Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Шиелі ауданында жүзеге асып жатқан ірі инвестициялық жобалардың құрылыс барысымен танысты.

В Шиелийском районе реализуются инвестиционные проекты 1.png

Атап айтқанда, аудан басшысы алдымен «Тесис» ЖШС-ның 40 МВт қуаттылықтағы күн электр станциясы жобасының жүзеге асу алаңына барды. Жоба құны – 11,5 млрд теңге. Бұл – еліміздің «жасыл энергия» бағытындағы ірі бастамаларының бірі саналады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, станцияны іске қосуға дайындық жүргізілуде. Жоба толық іске қосылған жағдайда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Айта кетейік, бұл жобаға инвестиция Қытайдың China Huadian Corporation Ltd компаниясы тарапынан тартылған. Аталған халықаралық корпорация «Тесис» ЖШС-нің 100% құрылтайшысы болып табылады. Бұл өз кезегінде екі ел арасындағы экономикалық әріптестіктің айқын көрінісі.

Сонымен қатар, аудан әкімі «Шиелі Әк» ЖШС-ның жаңа жобасымен танысты. Қытайлық инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылатын бұл өндіріс орны жылына 1 млн тонна әк өндіруді көздейді. Аталған жоба еліміздегі ең ірі әк өндіретін зауыттардың бірі болмақ. Жобаның жалпы құны – 20 млрд теңге.

Жоба толық жүзеге асқанда 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Қазіргі таңда зауыттың іргетасын қалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жобаны өңірлік индустриялық картаға енгізу мақсатында тиісті құжаттар әзірленуде.

Аудан басшысы жобалардың экономикалық және әлеуметтік маңызына тоқталып, құрылыс сапасы мен уақытылы аяқталуына жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Тағы да оқыңыз: