Kyzylorda-news.kz Бүгін де Сырдария ауданы серпінді даму үстінде. Әрбір ауылда ілкімді істер қолға алынып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бірқатар жобалар қолға алынып ауыл тіршілігіне жан кіре бастаған. Оның ішінде Сәкен Сейфуллин ауылында қыруар жұмыс атқарылуда. Оның ішінде,  Сәкен Сейфуллин Сәкен Сейфуллин ауылында қыруар жұмыс атқарылуда. Ауылдық округі бойынша 308 отбасында 1644 халық тұрады . Оның 171-і зейнеткер, 49-ы мүгедек, 21-і «Алтын алқа» және 32-сі «Күміс алқа» иелері.

Өткен жылдың 12 айында жеке тұлғалардан жер учаскелеріне  байланысты  барлығы  14 өтініш  келіп түсіп, оның 11 өтініші  заң талаптарына сәйкес қанағаттандырылып және 3 өтініш өз өтінішіне сәйкес кері қайтарылған болатын. Ауылдық округі  әкімі аппаратында  46 шешім және 119 өкім шығарылды. Ал жеке тұлғалар бойынша барлығы 12 өтініш тіркелген болатын.

Ауыл шаруашылығы саласына келер болсақ, ауылдық округ бойынша ауыл тұрғындарының есебінде ,шаруа қожалықтарындағы малды қоса алғанда 1592 бас ірі қара, 817 бас уақ мал, 733 бас жылқы, 89 бас түйе және 497 бас құс тіркелді. Сонымен қатар, ауылдық округ бойынша ЖШС-і мен жеке қожалықтар барлығы 2105 га күріш егілді. Жеке тұрғындар 5 га қауын-қарбыз, 15 га картоп және 5 га көкөніс егіп, өнімін алды.

Білім саласы бойынша ауылда 460 орындық № 137 орта мектебінде оқушыларға білім беретін мұғалім саны – 58. Оның ішінде жоғары білімді – 57, арнаулы орта білімді-1. Ұлттық біліктілік санаттары бойынша педагог-зерттеуші – 14, педагог-сарапшы – 18, педагог-модератор – 17 жұмыс жасайды. Өткен оқу жылында №137 орта мектебі бойынша 11 сыныпты 23 оқушы бітірді. ҰБТ сынағына 22 оқушы қатысса, оның 19-ы мемлекеттік білім гратының конкурсына қатысты.  ҰБТ сынағы бойынша орташа балл 74,2 құрап, нәтижесінде 19 оқушы мемлекеттік білім грантын иеленді. Білім грантын ұтып алғандардың 9-ы педагогика саласына, 9-ы техникалық мамандықтар бағытына оқуға түссе, 1-і ауылшаруашылығы мамандығы бойынша студент атанды.

Ал 90 орындық «Ақ көгершін» бөбекжай балабақшасында 85 бала тәрбиеленуде. «Ақ көгершін» бөбекжай балабақшасы 22 штаттық кестемен жұмыс жасауда. Жалпы қызметкерлер саны –  27, оның ішінде педагог кадрлар саны – 11, техникалық қызметкерлер саны – 16  жұмыс жасайды.

Денсаулық саласы бойынша ауылдық дәрігерлік амбулаторияда барлығы 6 адам жұмыс жасайды. Өткен жылы 6578 адам белсенді түрде қаралып ем алса, профилактикалық байқаудан өткен ересектер саны – 1670 адам, балалар саны 543.  Ауыл бойынша өткен жылы туылған бала саны – 38. Үйге шақырушылар саны – 1603 адам. Диспансерлік есепте тұратын науқастар саны – 231 оларға тиісті медициналық көмектер көрсетіліп келеді.

Мәдениет саласына келер болсақ ауылдық клубта барлығы 7 қызметкер жұмыс жасайды. 2023 жылы клуб ұжымының ұйымдастыруымен барлығы 33 мәдени шаралар өткізілді. Клуб үйінде  «Ән», «Жас қалам», «Қолөнер», «Көркемсөз» үйірмелері жұмыс жасайды.  Үйірмеге қатысушылар саны –  65. Барлық байқаулар саны – 31. Үйірме мүшелері республикалық, облыстық, аудандық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өткен жылдың ақылы қызмет көлемі 700,0 мың теңге болып жоспарланып, аталған жоспар 12,15 пайызға орындалды.

Ауылдық модельді кітапханада оқырман саны 765 болса, берілген кітап саны – 15534 дана, келушілер саны –  9121 және де жаңа түскен әдебиеттер саны – 124 кітапты құрайды.  Кітапханада өткізілген мәдени-шаралардың саны – 63.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша ауылдық округ бойынша өткен жылы 711 экономикалық белсенді халық тіркелген. Бос жұмыс орнына орналасқандар саны-10, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар – 32. Ал, күміс жаспен 1 адам жұмысқа орналасты, алғашқы жұмыс орны –  1, жастар практикасында –  3 адам жұмыс жасайды. Жұмыссыздар саны-33,  жұмыссыздық деңгейі жыл аяғында 5,2 пайызды құрады.

Елді мекен көшелеріне күрделі жөндеуге 2135,2 мың теңгеге ЖСҚ  жасалды. Елді мекендегі Мұрат Арықұлы көшесін жарықтандыруға  1000,1 мың теңге бөлініп,  толығымен жарықтандырылды. Шортанбай би көшесінің қалған бөлігін  жарықтандыруға 1680,0 мың теңге бөлініп, жарықтандырылды. Сонымен қоса өткен жылы ауыз су мұнарасы ауыстырылған болатын. Одан бөлек елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек 2 отбасына тағайындалып, тиісті қаражаттарын алды. Елді мекендегі аз қамтамасыз етілген, асыраушысынан айырылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі отбасыларына азық-түліктей және заттай қайырымдылық көмектер көрсетілді. Атаулы мерекелік шараларға орай «С.Сейфуллин-Жер» ЖШС-і, «Құндызды-Жер» ЖШС-і, «Жандос» шаруа қожалықтары тарапынан көмектер көрсетіліп, аталған шаруашылықтар қайырымдылық көмектер көрсетумен қатар мектеп, балабақша, клуб мекемелерінің іс-шараларына, балалардың жазғы демалысына тұрақты түрде демеушілік жасап келеді. Жеке кәсіпкер «Жел-Кент-Вент» ЖШС-і төрағасы М.Әбілдаев аймағымыздан тыс жерде тұрып жатқандығына қарамастан елді мекендегі мемлекеттік мекемелермен кәсіпорындарға, тұрмысы төмен отбасыларға  демеушілік көмектер көрсетуде.

Кәсіпкерлік саласы бойынша ауылдық округі бойынша 70 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрғаны – 70, оның ішінде: жеке кәсіпкерлер – 63, шаруа қожалықтары – 5 және жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 2.

Ауылдық округі бойынша 1 адам «Қызылорда өңірлік инвестициялық» орталығы арқылы 5,0 млн теңге несие алып жұмысын жасауда. Жоба жетекшісі Райхан Маликова мал басын көбейту үшін. Ақерке Рақымжанова жылқы мал басын көбейту АҚҚ «Іскер» бағдарламасы 4,100  теңге. «Ауыл аманаты» бойынша 2,5 пайызбен несие алуға тіркелгендер 19 адам  142 200 000  теңге көлемінде."Бастау бизнес" курсына оқуға тіркеліп, 6 адам мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, жұмыс жасауда.

Фото: aikyn.kz

 

5b54d4d4-de5c-4f26-839b-09f4b3e88ba6.jpg

Тағы да оқыңыз: