Kyzylorda-news.kz Қызылорда да шаруашылық өнімдеріне арнайы QR  код орналастырылуда.  Ендігі жерде тұтынушылар QR код арқылы қаржылық сауаттылық туралы ақпарат алып, құқық бұзушылық орын алған жағдайда тікелей   ҚР ҚМА Telegram-ботымен байланыса алады.

– Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған саясатын іске асыру, сондай-ақ ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Ж.Элимановтың тапсырмаларын орындау мақсатында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті азаматтарды қаржылық қауіптерден қорғау бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда. Бүгінде облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жеке кәсіпкер «Даулетпен» келісім жасалды. Сол келісім негізінде 30000 өнімге ҚР ҚМА логотипі бар QR-кодты орналастыратын боламыз. Бұл QR код қаржылық сауаттылық туралы акпарат бере отырып, қаржылық құқық бұзушылық орын алған жағдайда азаматтарды ҚР ҚМА Telegram-ботымен байланыстыратын болады. Мұндай жұмыстар жыл бойына жалғасады, – дейді облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Нұрбол Әлкебайұлы.

WhatsApp Image 2025-02-28 at 17.31.48.jpeg

Фото: Қызылорда облысы бойынша ЭТД

Тағы да оқыңыз: